Ұлыбритания ғарышты дербес зерттейтін болады

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жаңа ұйымдық құрылым пайда болмақшы, ол «Британдық ғарыш агенттігі» деген атауға ие болады және ұлттық ғарыштық бағдарламаға жауап береді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаңа ғарыш агенттігі Ұлыбританияның Жер серіктерін, робот техникаларын және аралас технологияларды жасау және ұшыру саласындағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуі тиіс», - деп атап айтылған ғылым істері министрі лорд Дрейсонның мәлімдемесінде.