Тұтастай GAVI әлемдік донор ретінде диарея, пневмония, Б гепатиті, қызылша сияқты ауруларға қарсы 300 млн. балаға екпе жасау үшін 7,5 млрд бөлу міндеттемесін алды.
GAVI донорлары арасында Ұлыбританиядан басқа, 600 млн. еуро бөлген Германия, АҚШ, Норвегия сияқты елдер бар. 15 жылда GAVI қызметі препараттарды сатып алуға мүмкіндігі жоқ елдердегі 500 млн балаға екпе салуға қаржылай демеуші болады. Осылайша, сарапшылардың бағалауынша, 5-7 млн баланың өмірі қауіптен ада болмақ.