Ұлыбритания көлік аккумуляторына жол төсемінен қуат беруді қолға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың аяғына дейін Ұлыбритания билігінің жолда жаңа технологияны тестілеуге рұқсат беретіні белгілі болды, ол көлік аккумуляторын жолда қуаттандыруға мүмкіндік береді.

Британдық билік бұған атмосфераға зиянды заттар тастандыларын қысқарту үшін мүдделі және электромобиль - барынша оңтайлы нұсқалардың бірі.

Бүгінде мұндай машинаны тоқтап тұрған уақытта ғана қуаттандыруға болады. Сондықтан да қуаттандыратын жаңа жолдар жасалды. Онда магниттік индукция технологиясы пайдаланылмақ.

Сынақ кезінде машина жолдың электромагниттік сәулесін қармауға қабілетті шарғымен жарақталады, ол сәулені тоққа айналдырып, көлікті оталдырады. Қуаттау стансалары бір-бірінен 32 шақырым қашықтықта орналаспақ.