Бұл жүйені сынаушылар, олардың ішінде 40 консерватор депутат аталмыш сертификаттар жүйесін «кемсітушілік және тиімсіз» болуы мүмкін деп санайды.
Депутаттардың ойларын жетекші ғалымдар қолдады. Олардың қатарында инфекциялық аурулар бойынша сарапшы Майк Тилдесли бар. Ол көп адамдар вакцинация ала алмай тұрған кезде, аталған жобаны енгізуге үзіді-кесілді қарсылық танытты.
Telegraph-тың хабарлауынша, «коронавирус паспорты» технологиясы алдағы күзге дейін дайын болмауы мүмкін. Британ Үкіметі таратқан мәліметке сәйкес, оны қолданысқа енгізуге «апта емес, айлар» кетеді.
Ұсынылған жоспар тек Англияны қамтығанымен, үкімет бұл жүйені Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландиямен талқылау үстінде.