Француз полициясы «Реал Мадрид – Ливерпуль» матчындағы ағылшын жанкүйерлеріне көзден жас ағызатын газ бен бұрыш спрейін қолданғаны үшін сынға ұшырады.
Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен кінәні британдық футбол жанкүйерлеріне артып, мыңдаған адамның тиісті билеті жоқ бола тұра Стад де Франс стадионына күшпен кіргенін атап өтті. Полиция 105 адамды ұстады. Өз кезегінде UEFA өкілдері матчтың кешігуін «қауіпсіздік мақсатында» деп түсіндірді.
Еске салсақ, Сенбі күні Чемпиондар лигасының финалы кезінде және одан кейін Париж полициясы Франция астанасының Сен-Дени маңындағы «Стад де Франс» стадионында болған тәртіпсіздік кезінде 68 адамды қамауға алды.
УЕФА мен Франция билігінің мәліметінше, Чемпиондар лигасының финалы алдындағы бейберекетсіздікке матчты көргісі келген мыңдаған адамның қолындағы жалған билеттер себеп болған. Стадионға кіреберістегі жанкүйерлердің көптігінен Чемпиондар лигасының финалы отыз минуттан астам уақытқа кешіктірілген.