Ұлыбритания патшайымы шөберелі болды

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон ұл туды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Ол жергілікті уақыт 16:24-те (Гринвич бойынша 15:25) босанды, баланың салмағы 3,800 келі.

Ол үшінші кезектегі тақ мұрагері болмақ.

Коммюникеде, герцогиня сәбиімен өзін жақсы сезінетіні және түнде ауруханада қалатыны айтылған.

Жас босанған ананың жағдайы туралы бюллетень дәстүр бойыншпа Лондондағы Букингем сарайының қақпаларына ілінген.

Герцогиняны босандыруға басшылық еткен корольдік гинекологы Маркус Сетчелл қол қойған хабарлама Сент-Мэри ауруханасынан полицейлер эскортымен жеткізілді.

Баспасөз баянында сондай-ақ Кембридж герцогы, патшайымның үлкен немересі принц Уильям босану сәтіне қатысқаны хабарланған.

Букингем сарайының өкілі патшайым мен герцог Эдинбург герцогы шөберелерінің дүниеге келуі туралы хабарды қуанышпен қарсы алғанын мәлімдеді..

Мұрагер Уэльс ханзадасы Чарльз бөлек мәлімдеме жасап, өз атынан және әйелі Корноулская герцогинясы атынан алғашқы немерелерінің дүниеге келуіне қуанышын білдірді.

Премьер-Министр Дэвид Кэмерон Twitter-де: «Герцог пен герцогиняның ұлды болғанына өте қуаныштымын. Бұл оқиғаны бүкіл ел мерекелейтін болады. Олар тамаша ата-ана болады», деп жазды.