АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон билікте 2020 жылға дейін болуға ниетті.
Мұндай мәлімдемені ол Би-би-си арнасында жасады.
«Бізде бір орында тұралап қалудан сақтауға қауқарлы реформалардың ауқымды бағдарламасы бар. Сондықтан да мен алдағы сайлауға түсіп, онда жеңіске жетіп, үкіметті басқаруға ниеттімін»,-деді аталған елдің Премьер-министрі.
Естеріңізге сала кетейік, Кэмеронның өкілеттілігінің мерзімі 2015 жылы аяқталады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.