Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған спорттық шараға Ұлыбритания боксшылары алғаш рет қатысуға ниет білдіріп отыр. Жалпы, 4 жыл ішінде Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция спортшылары келіп, өз бақтарын сынаған болатын.
Бокс жанкүйлерлері аталған кездеулерді Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтынан да тікелей тамашалай алатын болады.
Қазіргі уақытта Ұлыбритания, Ресей және Қазақстан құрамалары Боксты дамыту орталығында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ал Өзбекстан командасы елордаға 15 ақпан күні келеді.