Сапар барысында Г. Кинног еліміздің ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, онда Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету, сондай-ақ көп жақты құрылымдар аясында екіжақты ықпалдастық мәселелері бойынша қазақстандық тараппен пікір алмаспақ.
17:33, 01 Қыркүйек 2009
Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасарының Қазақстанға сапары жоспарлануда
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қыркүйектің 6-сы мен 9-ы аралығында Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасары, баронесса Гленнис Кинног бастаған делегацияның Қазақстанға сапары жоспарлануда.