Пател қызмет тәртібін бұзып, пара алғаны үшін айыпталып отыр. Лондондағы сотта жұмыс істеген кезінде ол 500 фунт ақшаға жылдамдықты арттырғаны туралы ақпаратты соттың мәліметтер базасына енгізбеуге келісім берген. Тергеу анықтағандай, ол сот мекемесінде қызмет жасаған кезінде жол қозғалысы тәртібін бұзған кемінде 53 жүргізушіні жауапкершіліктен құтқарып жіберген.
Парақорлық туралы заң Ұлыбританияда 2011 жылғы шілдеден бастап жұмыс істей бастады. Бұған дейін ел заңнамасында «парақорлық» деген бап болмаған, мұндай істер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ауқымында қаралып келген.