Ұлыбритания темекіден түбегейлі бас тартпақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания үкіметі «2020 жылдары халықтың денсаулығын жақсарту тұжырымдамасын» ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА BBC-ге сілтеме жасап.

Оныңнегізгі мақсаттарының бірі – 2030 жылға дейін темекіден түбегейлі бас тарту.

Ұлыбританияәлемдегі темекіге қарсы ең қатаң заңды ұстанатын мемлекеттердің бірі болыптабылады. 1985 жылы бұл елде теледидардан, ал 2003 жылы – жарнама тақтасынантемекіні жарнамалауға тыйым салынды; 2005 жылдан бастап темекі компанияларынакөпшілікке арналған іс-шараларға жәнеспорттың жарыстарға демеуші болуға рұқсат етілмейді.

2007жылы Ұлыбритания әлемдегі алғашқы ел болып мейрамханалар мен дәмханалардатемекі тартуға тыйым салды. Елдегі барлық әуежайлар шылымқорларға арналғанбөлмелерді алып тастады. Дәл сол 2007 жылы билік өкілдері темекі сатып алуғарұқсат етілетін жасты 16-дан 18-ге дейін көтерді.

2010жылдардан бері елде ұдайы шылымнан бір айға бас тартып, нәтижесін көругешақыратын Stoptober сынды науқандар өткізіліп тұрады.


Соңғы жаңалықтар