Төмендегі бейнероликте Бенджаминнің иесі өзінің сүйікті жануарын әр төрт сағат сайын тамақтандырып, оны серуендеткенді ұнататынын айтуда. Лақ та иесінің ізінен бір елі қалмайды. Хорсфилдтің айтуынша, ол 20 жылға дейін өмір сүріп, сенбернар тұқымдас иттің тұрқына дейін өсе алады. Енесі жеріп кеткен кішкентай лақ туралы сюжет теледидардан көрсетілген соң британиялықтар ғана емес, АҚШ пен Австралиядан миллиондаған адамдар оны көргісі келетіндіктерін айтқан, деп жазады Mirror.