Өнертабысты хостельдер мен жағажайдағы лашықтарда тұратын адамдардың қауіпсіздік шараларының бірі ретінде пайдалануға болады. Оның бір бөлігі есіктің шетіне, екіншісі есік қорабына бекітіледі, деп жазады The Daily Mail.
Easylock «құлпын» шығару үшін ер адам IndieGogo сайтының 10 мың фунт стерлингтен астам қаражатын жұмсаған. Авторы оны саяхатшы үшін таптырмас сый деп санайды. Демеушілеріне алғыс ретінде ол дайын бұйымдарын сыйға тартқан.
«Әуелі немерелерімнің қауіпсіздігін, уақыты келгенде олардың әлем елдеріне саяхаттайтынын ойладым. Сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткім келді», - деді Боб Фицджон.