Ұлыбританияның жаңа денсаулық сақтау министрі болып премьер-министрдің аппарат басшысы Стивен Баркли тағайындалды. Қаржы министрі орнына қазіргі білім министрі Надхим Захави келді.
BBC-дің саяси шолушысы Крис Мейсонның айтуынша, қазір үкіметте болып жатқан жағдай оның толық күйреуіне айналуы мүмкін.
«Екі отставка бірінен соң бірі жарияланды... Егер отставкалар жалғаса берсе, Борис Джонсонның премьер-министр қызметінде қалуы өте қиын болады», - деп жазды ол.