Ұлыбритания ядролық қарусыздануды қолға алмақшы

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Британ премьері Гордон Браун ядролық қарудың ұлттық арсеналын айтарлықтай қысқартуды қолға алмақшы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Трайдент» сыныпты атом сүңгуір қайықтарын 4-еуден 3-еуге дейін қысқарту туралы әңгіме болып отыр. Қазір Лондонда 160 ядролық оқтұмсық бар, олардың саны да қысқаруы мүмкін.