Ұлыбритания жазушысы Қазақ жері жайлы кітап жазды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық Джон Масси Стюарт «Томас, Люси және Алатау: Сібір мен Қазақ даласындағы Аткинсондардың шытырман оқиғалары» атты кітап жазды. Бүгін Талдықорғанда туындының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кітаптыңтұсаукесері Алматы облысында өтіп жатқаны бекер емес. Себебі, 19-ғасырда қазақжеріне саяхаттап келген ағылшын саяхатшылары Томас пен Люсидің тұңғыш балаларыдәл осы Жетісу жерінде дүниеге келген. Олар қазақ жерінде туған ұлдарынаАлатау-Тамшыбұлақ деген есім берді және саяхаттарының басым бөлігі осы Жетісужерінде өтті», - деді кітап авторы ДжонМасси Стюарт.


Қазақ жері жайлыжазылған кітап ағылшын тілінде мыңданамен жарық көрді. Ал туынды авторы Джон Масси Стюарт ағылшын Алатау-Тамшыбұлақ дүниеге келгенТамшыбұлаққа арнайы барып, өзге де құнды деректерді іздеп, кітаптың жалғасынжазуға ниетті.

«Бұл кітаптыңқұндылығы ағылшын тілді мемлекеттер, елдер Қазақстанның тарихын, дәстүрін, әсіресе, осы Жетісу өңірініңмәдениетін біле алады. Сол арқылы Қазақстанның туристік әлеуетін арттырады депесептеймін», - деді «Хабар-24» арнасыныңЛондондағы меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.

Егер кітап Алматыоблысының әкімдігі тарапынан қолдау тапса қазақша және орыс тілінде жарық көруімүмкін.

Айта кетейік,бүгінгі күнде дәл осы Аткинсонның ұрпақтары Тамшыбұлаққа Ұлыбританиядан арнайыкеліп, аталарының кіндік қаны тамған жердің ауасымен тыныстап, саяхат жасаудыдәстүрге айналдырған.


Соңғы жаңалықтар