деп хабарлады Утро.ру.
Нова атты жануардың жоғалып кеткенін оның иесі Ильяр де Альверо байқады. «Біз Нова суға батып, тұншығып қалар ма екен деп әбден қорықтық», - деді ол. Бірақ 5 жастағы пони небәрі 2,5 м тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен болып шықты. Су тек жануардың жарты денесіне ғана жеткен.
Оқиға орнына 35 өрт сөндіруші жетті, олар алты сағаттан кейін ғана пониді арнайы механизмнің және белдіктің көмегімен көтеріп, сыртқа шығарды.