Ұлыбританияда 4 аурухана Эбола дертіне шалдыққан науқастарды қабылдауға әзір

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі Эбола дерті елде тараған жаңдайда аталған індетке шалдыққан науқастарды қабылдайтын төрт аурухананы дайындады.

Британия аумағында аталған кесел пайда болса, науқастар Лондонның солтүстігінде орналасқан тегін емдейтін Корольдік ауруханаға (Royal Free Hospital) жеткізіледі. Мұнда Эбола безгегін жұқтырған екі науқасты орналастыруға болады.

Сондай-ақ, бұл ауруханада сырқаттарға орын жетпеген жағдайда Ньюкасл, Шеффилд және Ливерпуль қалаларындағы үш ірі аурухананың инфекциялық бөлімдеріне жатқызылады.

ЕО-да Эбола вирусын жұқтырудың 8 жағдайы тіркелген. Алайда Еурокомиссия дерттің Еуропада таралу қаупін көріп отырған жоқ, деп хабарлады Еурокомиссияның өкілі Фредерик Винсент.