Ұлыбританияда +40 градусқа шыдайтын шоколад ойлап табылды

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда ерекше шоколад ойлап табылып, дайындалды. Ол +40 градуста да ерімейді.

Шоколадтың бұл жаңа түрі ыстық климаты бар елдерге есептелді. Бирмингем ғалымдары ойлап шығарған тағамды дайындау рецепті ерекше құпия болуда, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.