Иттің иесі Алан Джеймс Камбрия графтығында тұрады. Ол биылғы наурыз айында итін Уэльстегі малшы достарына беріп жіберген.
Бірде Аланға досы телефон соғып, қоймен бірге кеткен иттің үйге қайтып оралмағанын хабарлайды. Арада екі аптадай уақыт өткенде ит иесін тауып келіп, барлығын таңқалдырған.
Осы уақыт ішінде Перо иесіне жету үшін 390 шақырым жол жүріп келген.