Ұлыбританияда A/H1N1 тұмауына қарсы жаппай егу басталады

АСТАНА.  Қазанның  21-і. ҚазАқпарат -  Сәрсенбі күні Ұлыбритания  A/H1N1   тұмауына  қарсы    халықты  жаппай  вакцинациялау    шарасына кіріседі.

Өткен аптада   вакцинаның алғашқы   тобы   елдің  емханаларына    түсті,  деп  хабарлайды    «РИА «Новости» агенттігі.

 Ұлыбританияның  NHS   Ұлттық денсаулық сақтау  қызметі   өзінің ақпараттық  материалдарында,   вакцинаны бірінші кезекте   әлеуметтік әлсіз   топтарға  егу    жоспарланып  отырғанын   нақтылайды.   Олар -     маусымдық    тұмауды тез жұқтыратын адамдар,  иммундық    жүйелері  әлсіз науқастар,    жүкті әйелдер, сондай-ақ  медицина қызметкерлері. Қалған санаттағылар  вакцина дозасын  сәл кештеу алады.

 Ағымдағы  жылдың сәуір айында эпидемия басталғалы  бері Ұлыбританияда  бүгінгі    күнгі жағдай  бойынша,  A/H1N1 тұмауын    жұқтырғандардың   саны   шамамен 425  мың  адамға  жетіп  отыр.  Жаз  айларында      індеттің   беті  бері  қайтып,  күз   басталғалы бері       тұмаудың  екінші  толқыны қайта   байқалып  отыр.   А/H1N1  тұмауынан  көз  жұмғандарға келетін болсақ,   Англияда    - 83 оқиға,   Шотландияда - 15, Солтүстік Ирландия мен  Уэльсте  төрт-төрттен оқиға   тіркелген.