Ұлыбританияда ақша жымқырған ұры оны иесіне 12 жылдан кейін қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2004 жылы британиялық Ланкашир графтығы Блэкберн қаласының тұрғыны, такси жүргізушісінен £250 көлемінде тапқан пайдасын белгісіз біреу ұрлаған.

49 жастағы Абубакар Лоргат 12 жыл бұрын болған оқиғаны ұмытып та  кеткен. Дегенмен жуырда оған кешірім сұраған хат және номиналы  £50 құрайтын бес купюра келді. Өз хатында белгісіз ұры жасаған ісі үшін ұялатынын және мистер Лоргаттан оны кешіруді сұрады.  

Абубакар еске түсіріп айтқандай, ол ақшаның жоғалғанын үйіне келген соң ғана білген көрінеді.

Оның сөзіне қарағанда, ол ақшасын түсіріп алғанын немесе оны біреу ұрлап әкеткенін түсінбеген.

Лоргат хат пен қайтарылған ақшаға қатты таң қалғанын айтты, деп жазды informing.ru.