деп хабарлайды ҚазАқпаратҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бөлімшенің ашылуына Лондонға іс-сапармен барған ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов пен Ұлыбританияда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық студенттер мен түлектердің кездесуі себеп болған. Кездесуде студенттердің тұрмыстық жағдайы мен білім алуына қатысты мәселелер мен биылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі талқыланды. ҚазҰУ ректоры көпшілік назарына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауынан үзінді келтіріп, құжаттың стратегиялық маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар кездесуде Ұлыбританияда білім алып жатқан 4 мың қазақстандық студент Лондонда ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бөлімшесін ашуды ұсынған.
Университет ректоры да өз кезегінде жастардың бұл ұсынысын қолдаған. Бөлімшенің төрағасы болып Қазақстан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітов сайланды. Қайрат Қуатұлы ҚазҰУ-дың түлегі, кезінде тарих факультетін тәмамдап, талай жылдар бойы қарашаңырақта қызмет еткен.
Естеріңізге сала кетейік, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түлектер қауымдастығы 2009 жылы құрылған. Онда қауымдастықтың төрағасы болып ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми сайланған еді. Одан бері ҚазҰУ түлектерінің қауымдастығының бөлімшелері Қазақстанның әр облысында және Мәскеуде ашылған болатын. Жақында Германия мемлекетінде де ашылады деп күтілуде. Бүгінде ҚазҰУ түлектерінің саны 125 мың адамды құрайды.