Ұлыбританияда астыртын түрде қару-жарақ жасайтын зауыт табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда астыртын түрде қару-жарақ жасап келген зауыт табылды. Оны елдің қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің тергеушілері Хейлшем қаласындағы өндірістік аймақта кездестірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Тергеушілердің айтуынша, нысанды тексеруге оның ішінде атылған оқ дыбыстары себеп болған. Нәтижесінде мамандар көлік бөлшектерін дайындайтын өндіріс ретінде жұмыс істеп жатқан нысанның ішінен қару-жарақ дайындайтын станоктар мен басқа да құрал-жабдықтарды кездестірген. Оқиға кезінде бірнеше адам ұсталып, 2 тапанша мен оқ-дәрі тәркіленді. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр.