Ұлыбританияда бүгін жалпыхалықтық сайлау өтеді

None
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлыбританияда Общиналар палатасындағы 650 депутаттық орынның тағдыры шешілетін жалпыхалықтық сайлау болады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Ол орындар үшін елдің үш жалпыұлттық партиясы таласуда: билік жүргізуші Лейбористік партия, оппозициялық Консервативтік партия және ұзақ уақыт бойы екінші орында болып келген «Либералдық демократтар» партиясы.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-де ел аумағы бойынша 50 мыңға жуық сайлау учаскесі өз есіктерін ашады.