Ұлыбританияда ең ұзын мысық Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Людо атты мысық Гиннестің рекордтар кітабына енді. UPI агенттігі хабарлағандай, оны әлемдегі ең ұзын үй мысығы деп таныды.

Людоның мұрнынан құйрық ұшына дейінгі ұзындығы  119 сантиметр. Ол  2013 жылы өлген бұрынғы рекордшы Стюарт Гиллингтон  атты мысықтан төрт сантиметр ғана қысқа, ал  оның  ұзындығы 123 сантиметр еді. Людо сияқты ол да америкалық  мейн-кун тұқымына тиесілі болған.