Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 1963 жылы шыққан 'Феррари-250 GTO маркалы автокөлік рекордтық сомаға, атап айтқанда 32 млн. долларға (20, 2 млн. фунт) сатылды.

Бұл Феррари автокөлігі сағатына 280 шақырымды жүреді. Айта кетейік, 1962-1964 жылдар аралығында осындай қымбат тұратын 39 көлік шығарылған.

Сонымен қатар, 2010 жылы 1936 жылы шығарылған сирек кездесетін «Бугатти-57SC» маркалы автокөлік өте қымбат бағаға - 35 млн. долларға сатылған еді.