Ұлыбританияда Герберт Уэллс сыйлығы тағайындалды

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - «Ғаламдар соғысы», «Дәуір машинасы» романдарының және басқа да атақты кітаптардың авторы Герберт Уэллстің туғанына 143 жыл толуына орай Ұлыбританияда оның атындағы сыйлық тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Сыйлық Уэллстің стилінде жазылған қысқа қолжазба әңгімелердің авторларына берілетін болады. Сыйлықтың таныстырылымы Уэллс XIX-XX ғасырларда өмір сүрген Фолкстон қаласында Уэллстің тұңғыш фестивалінде болды.