ҚазАқпаратқа бұл туралы М.Бисенғалиевтің мәдени қоғамдық қорынан хабарлады.
Премьера Фишгард фестиваліндегі басты оқиға болады. Концертке композитордың өзі жетекшілік ететін Bath Philharmonia оркестрі қатысады. Бұл туынды қазақстандық скрипкашы үшін арнайы жазылған болатын.
Концерттің әлемдік премьерасы ағымдағы жылдың қаңтар айында Нью-Йоркте өткенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. «Сары Қыз» концертін қазақстандық меценат Сапар Ысқақов өзінің бабасы - композитор және қобызшы Тілеп Аспантайұлының құрметіне тапсырыспен жаздырған.