Оның коллекциясында осындай 150 әскери техника бар. Ол әскери көліктің ішінде оқ-дәрі қалып қоймағандығын анықтау үшін, танкіні тексеріп бөлшектерін шеше бастаған. Жанармай багының қақпағын ашып қарағанда ішінен бес алтын құйма табылған.
Қазынаның құны бастапқы бағалау барысында екі миллиона фунт стерлингтен (770 млн теңге) асып жығылады.
Мид бұл алтынды 1990-91 жылдары Парсы шығанағындағы соғыста Ирак әскерилері Кувейтті басып алған кезде алған деп санайды. Кейін танкі қолға түсіп, ол Ұлыбританияға жеткізілген.