«Ұлыбританиядағы қазіргі үрдіс теріс бағытқа бара жатқандығымыздың айғағы. Бұл біздің пандемияның шарықтау шегіне жеткендігімізді көрсетеді», - делінген Уиттидің баяндамасында.
Ол баспасөз мәслихатында британдық үкіметтің ғылыми кеңесшісі Патрик Валланспен бірге сөз сөйлеуі тиіс.
РА мәліметінше, Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбіде ұлтқа арнап телеүндеу жолдауы мүмкін. Онда премьер-министр коронавирусқа байланысты енгізілген сақтық ережелерін қатаң ұстануды соңғы рет ескертпек. Олай болмаған жағдайда жалпыұлттық карантин енгізілетін болады.