Британдық денсаулық сақтау агенттігі індет таралып жатқанын айтты. Ауруды көбіне дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы ер адамдар жұқтырған.
Тек маймыл шешегін жұқтырған науқастарды емдейтін медицина қызметкерлері және ауруға шалдыққандармен байланыста болған адамдарға ғана вакцина салынатын.
Ұлыбритания билігі сонымен қатар жоғарыда аталған ерлердің жеке санатына да вакцинацияны ұсынып, екпе стратегиясын кеңейтті.
Агенттік осы айда вакцинаның алғашқы қосымша дозалары келеді, ал қалғаны қыркүйек айында жеткізіледі деп мәлімдеді.
Bavarian Nordic компаниясы шығарған вакцина шешек ауруын емдеуге арналған.
Оның маймыл шешегіне қарсы тиімділігі - шамамен 85%.
Бұған дейін Вашингтонда маймыл шешегі өршіп бара жатқаны хабарланған болатын.