ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның оңтүстігінде мигранттарға арналған баржа-үй пайда болды. Футбол алаңының үлкендігіндей, биіктігі үш қабатты баржаға жуырда әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған 500 адам қоныстанбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
«Бибби Стокгольм» баржасы Портленд шағын аралына жеткізілді. Ел үкіметінің жоспарына сәйкес, босқындарға баспана беру жүйесіне түсетін салмақты жеңілдету үшін мұнда 500 мигрант ер адам орналастырылады. Бұл баспана сұрағандар орналастырылатын қазіргі қонақ үйлердің баламасы болмақ.
Осылайша, билік жүйені өзгерту арқылы шығынды қысқартуды ойластырған. Алайда, бұл жоспарды барлық жерде жүзеге асыру мүмкін болмай тұр. Ливерпуль мен Эдинбургтегі порттар иелері жағалауға екі кемені кіргізбеген. Оларға мың босқынды орналастыру жоспарланған еді.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.