Ұлыбританияда Ораза айтын мерекелеп жатқандарды көлік қақты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Ньюкасл қаласында автокөлік қалың көпшілік арасымен жүріп өтті, салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы Нортамберленд полициясы Twitter -де хабарлады.

Күдікті ретінде 42 жастағы әйел ұсталды, оның есімі әзірге аталмауда.

Қала билігі лаңкестік туралы нұсқаны қарастырып жатқан жоқ. Дегенмен, оқиға орнына полицияның тікұшағы мен қаруланған полицейлер жеткен.

Көлік астында қалған адамдар мұсылмандардың Ораза айт мерекесін  атап өтіп жатқан, деп хабарлайды BBC News.

Еске салайық, осыған ұқсас оқиғаға 3 маусым күні болды. Көлікке мінген үш ер адам Лондондағы көпір аймағында адамдардың арасымен жүріп өтіп, одан әрі Боро базарына дейін жеткен. Ол жерде машинадан түсе сала пышақпен адамдарға шабуылдай бастаған еді. Полиция лаңкестердің көзін жойды. Соңғы мәліметтер бойынша, шабуыл салдарынан 8 адам қаза болып, тағы 48-і зардап шекті.