42 жастағы Сиобан Моррис осымен екінші мәрте бүйрегін ота жасатып алмастырды. Бірінші операция 2007 жылы өткізілген. Науқас бұл жолы отадан кейін өзін бұрығныдан қарағанда жақсы сезінгенін, бірінші отаға қарағанда ауру белгілері «80%-ға аз болғанын айтуда». Ал келесі пациент 58 жастағы Энди Брукс отаның келесі күні «төсектен секіріп тұрып, жүруге» жарағанын мәлімдеген.
Трансплантологиядан кеңесші Низам Мамодтың айтуынша, сырқаттардың ауырсынуын басу үшін бұл жолы парацетамол жеткілікті болған. Ал бұрын мұндай отадан кейін бірнеге күн морфин беріліп келген.
da Vinci роботтандырылған хирургиялық аппаратты Intuitive Surgical компаниясы жасайды. Оның сайманмен және 3D-камерамен жабдықталған төрт қол-манипуляторы бар. Робот әрекеттерін оператор дәрігер басқарады.