Бірегей көйлекті әзірлеу жұмыстарымен кондитерлер Сильвия Эльба (Sylvia Elba), Иветт Марнер (Yvette Marner) және суретші Ильинка Рник (Ilinka Rnic) айналысты. Әйелдер оған 300 сағат уақытын жұмсады.
Мерекелік киімнің ұзындығы 170 сантиметрге жуық, ал салмағы - 75 келі. Көйлекті дайындау үшін жеуге болатын вафельді қағаздың мыңдаған парағы, 35 келі помадка және 3 келі сәндік шілтер қажет болды. Дегенмен тәтті киімді киюге болмайтыны атап өтіледі.