Rail Delivery Group компаниясының пайымдауынша, саусақ іздерін тексеру - жолаушыларды пойызға отырғызу уақытын қысқартып, теміржол қызметінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жолаушылар өздерінің саусақ іздерін смартфон арқылы енгізе алады. Ал, аталмыш қосымша қазіргі таңда жасалу үстінде.
Бұл жүйенің қашан іске асатыны және оның қалай жұмыс жасайтыны әзірге белгісіз. Саусақ іздерін әрбір қолданушы смартфон арқылы сканерлеп, нәтижені Bluetooth арқылы турникетке жіберуі мүмкін. Кейінірек саусақ іздерін сканерлеу қондырғысы турникеттерге орнатылады.
Rail Delivery Group тасымалы биометриялық бақылаудың басқа да түрлерін қарастыруда. Мысалы, көз торшасын сканерлеу жүйесі де қолданылуы мүмкін.