Басылымның ақпараты бойынша, соңғы 5 жылда елге үлкендердің қарауынсыз 10 мыңға жуық кәмелет жасқа толмаған балалар келген. Олар отандарында болып жатқан соғыстан, аштықтан қашып, босқын болған. Жаңа орындарда оларды балалар үйі мен асырап алғысы келген отбасыларға жібереді. Ал әлеуметтік қызметкерлер олардың жай-аүйін бақылап отырады.
Басылым балалардың жоғалып кетуі адам саудасымен қатысы бар болуы мүмкін деп жазады. Европол агенттігінің мәліметтері бойынша, Европа аумағында 10 мыңға жуық бала із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында.