АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Элвис Пресли көптеген жылдар бойы ұстаған Інжілді ағылшындық Стокпорттегі бәссаудада әншінің шығармашылығын қастерлеушілердің бірі 59 мың фунтке (94 мың доллар) алды.
Осы арқылы «Омега» аукциондық үйі 25 мың фунтке бағалаған оның құны 2,5 есеге жуық сомаға артық өтті, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Омега» аукциондық үйі Элвис Преслидің өнерін құрметтейтіндерге 100-ден астам лотты ұсынды. Оның ішінде ыдыс-аяқ, ол қол қойған құжаттар мен хаттар, әншінің сахнадағы киімдерінің элементтері және басқа да заттары бар көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.