Қызылордадағы дәріханалар желісінің иесі, қыздың әкесі Равиль Гайниев: «Бәрі де жақсы, қызым табылды. Енді Индираны үйге, Қазақстанға алып кеткіміз келеді», - деді. Еске сала кетейік, Қазақстанның тумасы 17 жастағы Индира Гайниева мен 16 жастағы Эдвард Баньян Стонихерст колледжінен 13 қаңтар күні қашып кетіп, Доминиканнан табылған болатын. Жасөспірімдер Пунта-Кана курортындағы бес жұлдызды қонақүйге тоқтаған. Екеуі қашқан күннен бастап телефонға жауап бермеген. Ал билет пен қонақүйдің қызметіне ата-аналарының есеп-шотымен байланысты несие карточкаларымен төлеген. Атап өтейік, халықаралық іздеуде жүрген қыз бен жігіт дәл осы несие карточкаларының арқасында табылды. Екеуі де үйлеріне қайтарылғанша жіті бақылауда болады. Қыздың да, жігіттің де ата-аналары оларға қатты ренжігенімен, балаларының аман-есен табылғандарына қуанышты.
20:40, 23 Қаңтар 2014
Ұлыбританиядағы колледжден қашып кеткен қыз Қазақстанға қайтарылады
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы колледжден қашып кеткен қазақстандық 17 жастағы Индира Гайниева Қазақстанға қайтарылады, деп жазады The Daily Mail.