Телеарнаның мәліметінше, коронавирустың мутацияланған нұсқасының тасымалдаушысы екенін анықтау үшін жолаушылар Пундағы Вирусология ұлттық институтына жіберілген.
Үндістан өткен сәрсенбіде түн ортасынан бастап Ұлыбританияға және одан кері бағыттағы барлық рейсті аталған елде коронавирустың жаңа, мутацияланған штаммының пайда болуына байланысты тоқтатты. Дүйсенбіден бастап Ұлыбританиядан келген барлық жолаушы әуежайларда міндетті тестілеуден өтті және нәтижелер келгенше күтті.
Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес Лондоннан ұшып келген Нью-Делиде -11, Амритсарда - 8, Калькуттада-2, Ченнаида 1 адамның коронавирусқа тесті оң нәтиже берген.
Фото:Prabhat Kumar Verma/Global Look Press