Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері ауа райының температурасы 26 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Би-Би-Си агенттігінің бағалауынша, елдегі теміржол тасымалындағы жағдай тіптен қиын. Бірқатар жерлерде жолаушылар бүгінгі түнді қар басып қалған пойыздарда өткізген. Британдық теміржолдарда қар тазалайтын техника жоқ, себебі бұл жерлерде қар өте сирек жауатын және тез еріп кететін.
Елдегі әуежайлар да қармен күресуде. Көлемі жөнінен Ұлыбританиядағы екінші әуежай - Лондондағы Гэтвик әуежайы үшінші тәулік бойы жұмысын тоқтатқан.