Ұлыбританиялық әйел әлемде алғаш болып хирургиялық жолмен салынған жатырмен өмірге сәби әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық әйел әлемде алғаш болып хирургиялық жолмен салынған жатырмен өмірге сәби әкелді. Бала кесарь тілігі арқылы жүктіліктің 31-аптасында жарық дүниенің есігін ашты. Оның салмағы шамамен 1,8 келі. Бұл жүктіліктің осы кезеңі үшін қалыпты салмақ болып саналады.

Баланың ата-анасының есімдері құпия сақталып отыр. Белгілісі, баланың анасы репродуктивті органды қондыру бойынша ота жасалған бес әйелдің біреуі екені анықталды.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, олар осындай оталарды британ қайырымдылық ұйымдары тарапынан қаржыландыру болған жағдайда жалғастыруға дайын, деп жазады «Газета.Ру».