Жастар келген қонақтарға қазақ елінің кешегісі мен бүгіні туралы танымдық ақпарат беріп, қазақша би билеп, Шәмшінің әндерін шырқады. Күй де тартылды.
Шетелдіктер қазақ ұлттық тағамдары - наурыз көже, бауырсақтардан дәм татып, кештен алған әсерлерімен бөлісті. Қазақ өнерімен, асxанасымен танысқан қонақтар ендігі жерде Қазақстанды барып көруге ынталы екендіктерін білдірді.
Бристоль - Ұлыбританияның оңтүстік-батысында орналасқан, xалқының саны жарты миллион болатын үлкен қалалардың бірі.
Автор: Жасұлан Майлыбай, Бристоль университетінің магистранты