«Бұл бағаға әсер етеді. Алғашқы қозғалыстарды өздеріңіз де байқап отырсыздар. Мұнайдың белгілі бір деңгейде төмендеуі байқалады. Қазір бағаның экономикалық негізі - мұнайдың баррелі 50 долларды шамасында белгіленуде. Баға сұраныс, өндіріс сынды нарықтық факторлар есебінен қалыптасады. Кейде түрлі саяси сәттер де ықпал ететіні бар. Мұны біз бүгінде байқап отырмыз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда Ұлыбританияда елдің Еуропалық одақ құрамына шығу-шықпауына қатысты референдум өткен болатын. Оның нәтижесінде ел халқының 52 пайызы одақ құрамынан шығуды жақтап дауыс берді.