Кембридж герцогинясы Кэтриннің жалаңаш суретін жариялаған француздық Closer журналын сотқа берді, деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.
«Кембридж герцогы мен герцогинясы герцогиняның омырауы жалаңаштанған суретін жариялағаны үшін француздық Closer журналына қарсы талап арыз берді», - деп мәлім етті Корольдік отбасының өкілі. Басылымға жеке өмірге қол сұқты деген айып тағылуда.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Closer журналы 30 жастағы Кэтриннің өткен аптада Францияда демалып жүрген кезіндегі омырауы жалаңаш суретін жария еткен болатын.