Ұлыбританияның премьер-министрі кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй 8 маусым күні кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Еліміз ынтымақтастықта, алайда Вестминстер (елдің парламенті кеңесетін аудан) - топтаспай отыр», - деді Мэй журналистерге.

Ол парламентке кезектен тыс сайлауды өткізу туралы заңнаманы сәрсенбі күні енгізетінін мәлімдеді.

«Бізге жалпы сайлау өткізу қажет, қазір бізге ол өте керек», - деді консерваторлар көшбасшысы.