«Соңғы 24 сағатта менде аурудың жеңіл белгілері пайда бола бастады. Менің коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже берді. Қазір оқшауланып отырмын, бірақ мен үкіметтің вирусқа қарсы жұмысын видеобайланыс арқылы жүргізетін боламын», - деді Джонсон.
17:51, 27 Наурыз 2020
Ұлыбританияның премьер-министрі коронавирус жұқтырып алды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат — Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы саясаткер жұма күні видеоүндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.