Екі күн ішінде Астанада министр Хэндс өзінің негізгі серіктестері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің бас өкілімен және Қазақстан мен Ұлыбританияның кәсіпкерлік өкілдерімен кездеседі.
Мәртебелі Грег Хэндс Астана ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалайды, Ұлыбританияның Халықаралық сауда жөніндегі департаменті мен Шелл компаниясы Ұлыбритания павильонында ұйымдастырған Лондон Қор Биржасының Құнды Қағаздар Нарығы бойынша конференцияға және Технологиялық серіктестік форумына қатысады, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекпен және Энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен кездеседі.