Ретбаевтар отбасының дуэт жұмысына кедергі келтіруіне байланысты, продюсер Ұлықпан Жолдасов осындай шешімге келіп отыр. Яғни, Бауыржанның отбасы, топ мүшесі Бердібек Құлғараевтың мықтылығын мойындамай: «Бауыржан - «Қазақстан дауысы», сондықтан да ол Бердібекпен бір топта болуға лайық емес. Бауыржан жеке әнші болуы керек»,- деген. Осы сынды сөздермен бірге келісімшарт пункттерімен келіспеген Бауыржанның отбасы әрекетінен арадағы келісімшарт бұзылды.